«Шахтерге» ресейлік қорғаушы ауысып келді

«Шахтерге» ресейлік қорғаушы ауысып келді

«Шахтер» футбол клубы ресейлік қорғаушы Темур Мустафинмен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қарағандылық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

27 жастағы ойыншы бұған дейін армениялық «Нораванкта» өнер көрсетті. Ол мансабын Ю.Коноплев атындағы академияда және «Ростовта» бастаған. 2012 жылы мәскеулік «Локомотив» командасының жастар командасында доп тепкен. Сонымен қатар ресейлік «Зенит», «Ростов», «Сочи», «Авангард», «Факел», «Армавир», «Олимп», «Черноморец» сияқты клубтарда ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0