Воменко «Шахтерге» ауыспайтын болды

Воменко «Шахтерге» ауыспайтын болды

27 жастағы Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Владимир Воменко «Шахтерға» ауыспайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресейдің екінші дивизионындағы «Знамя труда» клубынан кеткеннен кейін Воменко қарағандылық «Шахтерда» қаралымда болды, бірақ келісімшартқа қол қойылмады.

Қазақстанда Воменко «Ертіс», «Атырау», «Шахтер-Булат» және «Екібастұз» командаларында өнер көрсетті. Сондай-ақ, футболшының Қазақстан жастар құрамасы сапында төрт ойыны бар.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или