«Маусымның басында-ақ «Ордабасыға» ауысар едім». Акмаль Бахтияров шымкенттік клубқа келуі жайлы

«Маусымның басында-ақ «Ордабасыға» ауысар едім». Акмаль Бахтияров шымкенттік клубқа келуі жайлы

Қазақстандық жартылай қорғаушы Акмаль Бахтияров Prosports.kz сайтына берген эксклюзив сұхбатында шетелде Қазақстанға оралуы мен «Ордабасыға» қосылуы жайлы айтып, Ресей мен Армения чемпионаттарын салыстырды.

- Акмаль, «Ордабасының» ресми ойыншысы ретінде құттықтай беруге бола ма?

- Рахмет! Иә, әйтеуір бәрі оңынан шешілді.

- Шымкенттік клубтан ұсыныс қалай түсті?

- Менің бұрынғы командам («Олимп-Долгопрудный» ФК - авт) қаржылық қиындыққа байланысты жұмысын тоқтатты. Сондықтан Қазақстанда, оның ішінде «Ордабасыда» бағымды қайта сынауға мүмкіндік пайда болды. Бапкерлер штабы мен клуб басшылығына сенім білдіргені үшін алғысымды айтамын. Артқан сенімін ақтауға тырысамын. 

- Келісімшартың қай уақытқа дейін жасалған?

- 2022 жылғы маусымның соңына дейін.

- Жаңа жұмыс орның жайлы айта кетсең. Әріптестерің қалай қарсы алды?

- Бәрі жақсы. Ұжымдағы жігіттер жақсы қабылдады. Адаптациямен ешқандай проблема болмады. 

- Қазіргі бабың қалай? «Ордабасы» сапында дебют жасауға дайынсың ба?

- Өзімді жақсы сезініп жүрмін. Дебют жасағым-ақ келеді, бірақ ойын бабы болмағандықтан қиын болары анық. 

- Осымен үшінші мәрте Қазақстан футболында өз орныңды табуға тырысқалы жатырсың. Неге бұған дейін жолың болмады?

- «Қайратта» жүргенде негізгі құрамда шығып үлгердім. Бірақ белгілі бір себептерге байланысты командамен қош айтыстым. Дегенмен де пайдалы тәжірибе болғанына сенімдімін. Ал «Жетісу» жайлы айтқым келмейді. Бірақ болған нәрсе болды. Мүмкіндікті пайдалана алмадым. 

- Неге «Ордабасыны» таңдадың? Өзге командалардан ұсыныс түспеді ме?

- Биыл жыл басында осы командадан ұсыныс түскен, бірақ кейбір себептерге байланысты келе алмадым. Енді, міне, жарты жыл өткеннен соң, бас бапкермен жоспарды талқылап, трансферлік тыйым кезінде бірге жұмыс істегеннен кейін Қазақстан чемпионатында ойнауға дайынмын. 

- Осы күнге дейін үш чемпионатта бағыңды сынадың. Оларды спорттық деңгейі, инфрақұрылым, қаржы, танымалдық жағынан салыстырып көрші.

- Ресей Премьер-лигасы Қазақстан мен Армения чемпионаттарынан барлық жағынан алда тұр десем жаңалық болмас. Қазақстан футбол сапасы жағынан дес бермесе де, қалған жағынан әлі жұмыс істеу керек. Армения чемпионаты болса, жеке пікірім, футболшылардың шеберлігі жағынан басым. 

- Маусымға қойған мақсатың қандай?

- Мақсат біреу - командаға алға қойған мақсатына жетуге көмектесу!

Түпнұсқасы: Prosports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Трансфер

Трансфер

Футбольные трансферы, последние новости, возможные переходы, рейтинг самых дорогих приобретений, таблица

Пікірлер 0