Теннис

Рыбакина Алматыға келе алмаған себебін түсіндірді

Рыбакина Алматыға келе алмаған себебін түсіндірді

Уимблдон-2022 турнирінің жеңімпазы, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрын жоспарланғандай 13 шілде күні оңтүстік астанаға бара алмайтынына байланысты алматылық теннис жанкүйерлерінен кешірімсұрады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Құрметті алматылықтар! Бүгін мен Уимблдондағы жеңісіміздің қуанышын бөлісу үшін сіздің қалаға баруды жоспарладым. Өкінішке орай, соңғы күндердегі физикалық шамадан тыс жұмыс және эмоционалды стресс менің жағдайыма әсер етті және маған қалпыма келу үшін үзіліс жасауға тура келеді.

Мен сіздің тамаша қалаңызға келесі жолы міндетті түрде келемін. Түсіністік пен қолдау көрсеткеніңіз үшін рахмет!» - деп келтіреді Рыбакинаның сөзін Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0