«Қайраттың» еурокубоктағы қарсыласы тәжірбиелі қорғаушымен келісімшарт ұзартты

Чемпиондар лигасының 2022/2023 жылғы негізгі кезеңіндегі алматылық «Қайрат» командасының қарсыласы Испания вице-чемпионы «Пальма-Футзал» бразилиялық қорғаушы Марлон Оливейра Араухомен жаңа келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
34 жастағы ойыншымен бұрынғы еңбек келісімі маусым айында аяқталды. Марлон «Пальма футзалында» 2020/2021 маусымының басынан бері ойнайды. Бұған дейін ол бір рет Бразилия чемпионаты мен кубогын жеңіп алды, сонымен қатар «Карлос Барбоза» клубының құрамында Либертадорес кубогының екі дүркін жеңімпазы болды.
«Интер Мовистарда» ойнаған Марлон 2019/2020 маусымында Испания чемпионы атағын жеңіп алды.
2021/2022 маусымында бразилиялық қорғаушы 38 матчқа қатысып, 8 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или