Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы ҚПЛ матчында жарақат алды

Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы ҚПЛ матчында жарақат алды

Футболдан Қазақстан чемпионатының 12-турында «Шахтер» мен «Ақсу» командалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 4:2 есебімен қарағандылық команданың пайдасына аяқталды. 

«Кеншілердің» қақпасын күзететін Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы Игорь Шацкий ойынның 85-минутында жарақат алып қалды. Стандарттан асырылған допқа ұмтылған сәтте 33 жастағы қарсыласпен соғысып қалды. Нәтижесінде дәрігерлер спортшыға екі минуттай көмек көрсетіп, зембілмен алаңнан алып кетті. 

Айта кетейік, Шацкий осы маусымда «Шахтердың» барлық ойынына қатысты. 

Қазақстан құрамасы сапында Ұлттар лигасында да төрт матчтың төртеуінде де негізгі құрамда шығып, екі гол ғана өткізді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0