Beautiful Football

«Жеңісте» клубтың тарихын жазамыз». Ринат Әлеуетов – клуб, жас талант және жоспары жайлы

«Жеңісте» клубтың тарихын жазамыз». Ринат Әлеуетов – клуб, жас талант және жоспары жайлы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық жаттықтырушы Ринат Әлеуетов Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында «Жеңіс», «Яссыға» қарсы ойын, жас вундеркинд және елордалық команданың алға қойған мақсаты жайлы айтып берді.

- Ринат Мұратұлы, «Яссыға» қарсы ойын жайлы пікіріңізді айтсаңыз. Ойыншыларыңыз гол соққан соң босаңсып кеткен секілді көрінбей ме?

- «Яссы» – физикалық тұрғыдан мықты команда, қарымта шабуылдар мен стандартты жағдайда жақсы ойнайы. Қарсыласымызды зерттеген кезде әлсіз тұстарын таптық, соның арқасында жаттығуда дайындаған екінші голымызды соқтық. Жалпы алағанда, қарсыласымызды өзінің қаруымен жеңдік.

- «Жеңіс» көп ойында соңғы минутта өз қақпасына гол жіберіп алды. Мұны немен байланыстырасыз?

- Бұл ротация жасап, мықты құрамды анықтаумен байланысты. Соның кесірінен ойыншылар бір-бірін түсінісе алмай, ойынын жоғалтып алды. Қазір бапкерлер штабы жеңіске жету үшін қандай құраммен ойнау керегін, қай ойыншыларды осы топқа қосу керегін түсінді.

- 15 жасар Рауль Аллахвердиевтің ойынына қандай баға бересіз? Не дегенмен ол қарсыласына қарымды қарсылық танытып жүр.

- Физикалық тұрғыдан мықты, жасына қарап айта алайсың. Шеберлігі бар, дриблинг жасайтын, бірге бір шыққанда ойнай алатын футболшы. Кейде алаңда қате шешім қабылдап жатады, бірақ оның әлі жас екенін ескеру қажет. Қысқаша айтсам, бірде бір бапкер негізгі құрамға лайық емес футболшыны шығармайды.

- Бапкер мансабын «Жетісу» командасында бастадыңыз. Туған командаңызды жеңгенде қандай сезімде болдыңыз?

- Екі түрлі эмоция болды. Бір жағынан «Жетісуды» жеңгеніме қуануым керек шығар, бірақ екінші жақтан алып қарасам, маған көп нәрсе берген команда. Екі тарапта болғанымыз өкінішті. Оларға тек жеңіс тілеймін. Ал қазір «Жеңіспен» бірге клубтың тарихын жазуға тырысамыз!

- Баламырза Әлиев туралы айтарыңыз бар ма? Матчтан кейін футболшының жас жанкүйерлері өте көп жиналады.

- Ол бапкерлер штабының талаптарына енді бой үйренісіп келеді. Өте тәртіпті футболшы. Болашағынан көп үміт күттіреді. Матчтан соң жанкүйерлерден аяқ алып жүре алмай жатады. Бірақ бұл футболдың бір бөлігі. Еуропада бұл қалыпты құбылыс, ал біз оған енді келе жатырмыз. Онда тұрған жаман ештеңе жоқ.

- «Жеңіске» келуіңіз жайлы айтсаңыз.

- «Жеңіске» келуіме Әли Әлиев түрткі болды. Сол үшін оған алғысымды айтамын. Екеуіміз UEFA Pro категориясының курсынан бері таныспыз. Ол менің қабілетімді жақсы біледі. Соның арқасында клуб басшылғы хабарласып, жұмыс ұсынды.

- Елордалық командадан бөлек басқа ұжымдардан ұсыныс түсті ме?

- Жыл басында Премьер-лиганың екі және Бірінші лиганың бір командасынан ұсыныс келді. Бірақ ҚПЛ-ға бара алмадым. Бірнеше айдан соң «Жеңістен» хабарласты.

- Маусымға қандай мақсат қойылды?

- Басты мақсат – кез келген командаға лайықты қарсылық көрсете алатын және жақсы нәтиже көрсететін команда жасақтау.

Фото ашық дереккөздерден

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер