Хоккей

«Алматы» ХК алдағы тағдыры шешілді

«Алматы» ХК алдағы тағдыры шешілді
news-banner7
mobile-news-top

«Алматы» ХК қаржыландыруға ие болып, Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуін жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

shaiba.kz порталының мәліметінше, «Алматы» ХК қаржыландыруға ие болып, Қазақстан чемпионатындағы өнерін жалғастырады. Бұған дейін клуб өткен маусымнан бері келе жатқан командадағы қаржылық мәселелерге байланысты осы маусымды өткізіп жіберуі мүмкін екені хабарланған. «Алматы» директоры Марат Қашқымбаев сұхбатында клуб басшылығы Спорт басқармасымен кездесу өткізетінін айтты.

Еске салайық, «Алматы» Қазақстан чемпионатынан шығып қалған «Торпедо», «Алтай-Торпедо» және «Теміртаудан» кейін төртінші клуб болуы мүмкін еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер