Шавкат Рахмонов кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізгісі келетінін айтты.
«Келесі қарсыласым ретінде Стивен Томпсон, Нэйт Диас, Хорхе Масвидаль сияқты Америкаға аты шыққан, рейтингте менен жоғары тұрған спортшыларды көргім келеді.
Мэтчмейкерлер де Стивеннің әзірше қарсыласы жоқ екенін айтып қалды», деді спортшы 5Q media басылымына берген сұхбатында.
Бұған дейін Шавкат Рахмонов жекпе-жегін қашан өткізуі мүмкін екенін айтқан еді.
«Біз матч-менеджермен сөйлестік. Қазан айында Абу-Дабиде өтетін турнирге қатыссам жақсы болар еді. Қазақстандықтар үшін визаның қажеті жоқ, сонда барып маған жанкүйер болар еді. Егер оған үлгірмесек, қараша немесе желтоқсан айында октагонға шығамыз», - деді Рахмонов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или