Теннис

«Тарихи жеңіс және $2,5 млн сыйақы». Елена Рыбакина Уимблдондағы сыйақысынан салықты неге Ресейге төлейді

«Тарихи жеңіс және $2,5 млн сыйақы». Елена Рыбакина Уимблдондағы сыйақысынан салықты неге Ресейге төлейді
news-banner7
mobile-news-top

Елена Рыбакин Уимблдонның финалына жолдама алған тұста-ақ британиялық журналистер ұтыс ақшасынан Ресейге салық төленетін жайлы жарыса жазды. Prosports.kz Уимблдон жеңімпазы Елена Рыбакина сыйақысынан Ресейге қанша салық төлейтіні және

Шетелдік журналистер Елена Рыбакина не үшін сыйақысынан Ресейге салық төлейтінін түсіне алмай дал болды. Дегенмен мұны оңай түсіндіруге болады. Рыбакина Уимблдонда жеңіске жеткені үшін екі миллион фунт стерлинг (қазіргі курспен 1 330 000 000 теңге - авт.) сыйақы алды. Ұлыбританияның заңына сәйкес ұтыс ақшасының 40-45% салыққа кетеді. Бұл шамамен 900 мың фунт стерлинг. Ал қалған 1 110 000 фунт стерлингтен спортшының тұрғылықты жеріне салық төленеді. Елена төрт жылдан бері Қазақстан атынан жарысқа шығып жүргеніне қарамастан, ол Мәскеуде тұрады. Сондықтан Ресей федерациясының резиденті ретінде көрші мемлекетке салық төлеуі тиіс. Бұл ұтыстың 13% (143 мың фунт стерлинг) құрайды. Осылайша, Елена Рыбакина Уимблдондағы сыйақысынан тек 957 000 фунт стерлингті (636 405 000 теңге) өзіне алады.

Кейбір спортшылар салық аз төлейтін елдің резиденті ретінде жарысқа қатысатын практика бар. Мысалы, Новак Джокович, Даниил Медведев, Стефанос Циципас, Александр Зверев секілді танымал теннисшілер салығы аз Монакода тұрады.

Дегенмен бүгін «Теннис Астана» Елена Рыбакина ұтыстан түскен ақшадан тек Ұлыбританияға салық төлейтінін мәлімдеді.

«Уимблдон жарысындағы ұтыс қоры Ұлыбританияда төленеді. Ұтысы үшін Қазақстан азамат Елена Рыбакина салықты бір рет, Ұлыбританияда төлейді. Қазақстанға Ұлыбританиямен екі рет салық төлеудің алдын алу үшін жасалған конвенция негізінде салық төленбейді», – деп түсіндірді ұйымдағылар.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер