Теннис

Анна Данилина Германияда маусымдағы төртінші титулына қол жеткізді

Анна Данилина Германияда маусымдағы төртінші титулына қол жеткізді

Қазақстандық Анна Данилина мен нидерландтық Арианне Хортоно Ферсмольдта (Германия) ITF 100 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұптық сынынң финалында Данилина мен Хортоно чемпиондық тай-брейкте Анкита Райна (Үндістан) мен Розали ван дер Хукті (Нидерланды) жеңді – 6:7 (4), 6:4, 10:6.

Осылайша, Анна Данилина карьерасында жұптық сында 27-титулын иеленіп отыр. Осы маусымда төрт рет титул иеленген. Осы турнирдегі жеңісінің арқасында ол WTA рейтингіндегі жұптық теннисшілер арасында 19-орынға көтеріліп, жеке рекордын жаңартты. 

Германиядағы турнирдің жүлдеқоры 100 мың доллар болды.  

Фото instagram.com/_annadanilina_

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0