Аспиликуэта «Барселонамен» жеке келісімшарт мәселесін келісті

Аспиликуэта «Барселонамен» жеке келісімшарт мәселесін келісті

Evening Standard газетінің хабарлауынша, 32 жастағы Сезар Аспиликуэта каталондық клубпен екі жылдық келісімшартқа келісіп қойған.

Испандықтың жалақысы салықтарды есептегенге дейін жылына шамамен 13 миллион еуроны құрайтыны хабарланды.

«Барселона» қазір «Челсимен» ойыншының ауысу шарттарына қатысты келіссөздер жүргізуде. Лондондықтар Аспиликуэта үшін 7 миллион фунт стерлинг алғысы келеді.

Қорғаушының Челсимен келісімшарты 2023 жылдың маусымына дейін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0