Қазақ күресі

«Қазақстан барысы» финалына екі балуан шықты

«Қазақстан барысы» финалына екі балуан шықты
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін елордада өтіп жатқан республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде финалға шыққан алғашқы балуандар анықталды.

Мұндай мүмкіндікке қызылордалық Мақсат Исағабылов ие болды. Ол жартылай финалда жамбылдық Ғалымжан Қырықбаевтана йласын асырып кетті. Мақсат Исағабылов 1994 жылдың 17 қарашасында дүниеге келген. Бойы 184 сантиметр болса, салмағы 120 келі. Бұған дейін қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған.

Сонымен қатар, жартылай финалдағы екінші белдесуде шымкенттік Нұрсәт Темірхан мен маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов тайталасқа түсті. Кездесу барысында Нұрсәт Темірханның жарақат алып қалуына байланысты жарыс жолынан шығып қалды.

Осылайша төрешілер шешімімен Нұрдәулет Жарылғапов финалға жолдама алды. Нұрдәулет Жарылғапов 1996 жылдың 2 наурызында дүниеге келген. Бойы 182 сантиметр, салмағы 148 келі. Ол қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған.


Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер