«Қайрат» үш ойыншысын жіберді. Вороговский Бельгия чемпионатына ауысты

«Қайрат» футбол клубы негізгі құрамның үш ойыншысының кеткенін хабарлады.
«Кайрат» ФК қорғаушысы Ян Вороговский тұрақты негізде «Моленбекке» ауысты. Вороговский кейінгі жарты жылын жалда өткізген бельгиялық клуб ойыншыны сатып алу опциясын қолданды.
Шабуылшы Байжан Маделхан ФНЛ-2 лигасында бақ сынайтын ресейлік «Муром» ФК-ға жалға берілді. Жалға беру мерзімі – бір жыл. Қысқы трансферлік уақытта футболшыны қайтару мүмкіндігі қарастырылған.
20 жастағы жартылай қорғаушы Ален Айманов Түркістанның «Тұран» футбол клубына биылғы маусымның соңына дейін жалға берілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или