Теннис

Қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турниріндегі қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турниріндегі қарсыластары белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турниріндегі қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бүгін басталатын «Үлкен дулыға» жарысы бұрынғылардан ерекше болмақ. Биыл бұл додада өнер көрсететін ойыншыларға WTA және ATP рейтингісінде ұпай берілмейді. Аталмыш жарысты ұйымдастырушылар Ресей және Беларусь теннисшілеріне санкция салғандықтан, осындай шешім қабылданды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бастапқы кездесуін мажарстандық Мартон Фучовичпен өткізсе, Михаил Кукушкин америкалық Дженсон Бруксбимен шеберлік байқасады.

Қазақстанның әйелдер арасында бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы бір америкалық Коко Вандевегемен ойнаса, Юлия Путинцеваның қарсыласы - франциялық Ализе Корне.

Жұптық сында Анна Данилина бұл додаға қатыспайды. Александр Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге аустралиялық Джеймс Дакворт - америкалық Маркос Хиронға қарсы шығады.

Андрей Голубев Денис Молчановпен бірге испаниялық Педро Мартинес - аустралиялық Джон-Патрик Смиттен өтуге тырысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер