Еркін күрес

Қазақстан чемпионаты: еркін күрестен 5 салмақтың жеңімпазы анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Қарағанды қаласындағы «Қарағанды-Арена» спорт кешенінде күрес түрлерінен ел чемпионаты басталды.

Жарыстың алғашқы күні еркін күрес өкілдері 5 салмақтың чемпионы мен жүлдегерлерін анықтады.

57 кг:

Алтын – Рахат Қалжан (Жамбыл облысы)

Күміс – Жахонгир Ахмаджанов (Шымкент)

Қола жүлдегерлер – Нұрбек Шәріпов (Маңғыстау) пен Бердах Пірімбаев (Шымкент)

61 кг:

Алтын – Асыл Айтақын (Шымкент)

Күміс – Өсімжан Дастанбек

Қола жүлдегерлер – Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе) мен Ахметжан Анарбаев

74 кг:

Алтын – Нұрқожа Қайпанов (СҚО)

Күміс – Данияр Қайсанов (ШҚО)

Қола жүлдегерлер – Әлібек Әбдіқасымов (Алматы облысы) пен Ербарыс Сатыбалды

79 кг:

Алтын – Болат Сақаев (Атырау облысы)

Күміс – Жігер Закіров (Маңғыстау облысы)

Қола жүлдегерлер - Шамсәт Тайыр (Шымкент қаласы), А Әмірханұлы

97 кг:

Мамед Ибрагимов (Павлодар облысы)

Серік Бақытханов (Қарағанды облысы)

Қола жүлдегерлер – Нұрсұлтан Азов (Ақмола облысы) пен Юнус Гафуров (Жамбыл облысы)

Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталады. Алғашқы құрам биыл 10-18 кыркүйек аралығында Сербия астанасы Белградта өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. Ал екінші құрам Түркияның Коня қаласында өтетін Ислам Ынтымақтастық ойындарына аттанады.

Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Ал көрермендерге «Қарағанды-Аренаға» кіру тегін. Қарағандыдағы бозкілем шеберлерінің тартысы 1 шілдеде мәресіне жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер