Басқа

Сурдлимпиаданың жеңімпаздарына 250 мың доллар сыйақы беріледі

Сурдлимпиаданың жеңімпаздарына 250 мың доллар сыйақы беріледі
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтанда 2022 жылғы XXIV Сурдлимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Өткен жарыстарда елімізді спорттың 8 түрінен 63 спортшы таныстырған болатын. Ұлттық құраманың қоржынында 28 медаль бар. Атап айтқанда, 3 алтын, 7 күміс және 18 қола медаль.

«Қазақстандық спортшылар Олимпиадада ерекше белсенділік танытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Сіздердің жеңістеріңіз Сурдлимпиадалық спортты дамытуға серпін береді деп үміттенеміз. Барлық спортшыларға, жеңімпаздарға, жаттықтырушыларға ерекше алғысымды білдіремін. Сіздерді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын», - деді марапаттау рәсімінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

1-орын алғандарға 250 мың АҚШ доллары және тұрғылықты жері бойынша үш бөлмелі пәтер беріледі;

2-орын алған спортшыларға 150 мың АҚШ доллары және екі бөлмелі пәтер беріледі;

3-орын алған спортшыларға 75 мың АҚШ доллары және бір бөлмелі пәтер беріледі.

Түпнұсқасы: gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер