Қазақ спорты
Хоккей

ҚАЗАҚТЫҢ ӨЗІНЕ БҰЙЫРМАҒАН АҚШАСЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ӨЗІНЕ БҰЙЫРМАҒАН АҚШАСЫ
news-banner7
mobile-news-top

Спорт Қазақстанда былыққа батқан салалардың басында көш бастап тұрған шығар:) Тістегеннің аузында кетіп жатқан қазақтың салығы. Сіз бен біздің ақшамыз.

Мемлекет тарапынан қаржыландырылатын жекеменшік клубтарды мен әлі күнге дейін түсінбеймін және олардың қазаққа не беріп жатқанын да білмеймін. Егер "Барыс" мемлекет қолдауынсыз, жеке өз ақшасына күн көріп жатса 1 млн $ емес, тіпті 100 млн $ айлық берсе де жарасады. Кірісінен шығысы көп осындай клубты ұстап тұру кімге керек? Әлемде абыройы қалмаған Ресейлік КХЛ үшін осында ақша жұмсаудың маңызы не? Бізге не береді? Көкейде сан сұрақ, бірақ жауап беретін ешкім жоқ...

Барыс, Астана клубтары өз алдында бізде әр регионда әкімдер үшін футбол клубтары "тиын" істеп қалудың ең керемет жолы екенін бәрі біледі де, Антикор сияқты құзырлы органдар білмей қалады:) Кейде алаңға 5 минут та шықпаған спортышлардың 10 мың $ дейін жалақы алатынын естігенде не айтарыңды білмейсің. Сіздер Еуропамен салыстырғанда дым емес деуіңіз мүмкін, бірақ ол жақтағы клубтар өз күнін өзі көріп отыр. Мемлекетке алақан жайып отырған біреуі жоқ. Ойлаймын қазаққа экономикасын түзеп алмай, жемқор басшыларын кетірмей спортқа ақша құюудың керегі шамалы. Бәрібір берері жоқ...

Өзім білетін Түркияда әкімдіктер тек балалар спортына көңіл бөледі. Одан нәтиже көрсетіп, белгілі бір дәрежеде жетістікке жеткен спортшыларды сол аймақтың немесе елге беделді спорттық клубтары қағып кетуге тырысады. Мысалы бокстан Олимпиада чемпионы Бушеназ Сурменели Трабзонспор клубының мүшесі және оның бар шығынын сол клуб көтереді. Клубтар тек футбол, басткебол емес осындай жеке спортшыларды да қаржыландырумен айналысады...

Айдос Рымқұл фейсбук парақшасынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер