ҚАЗАҚТЫҢ ӨЗІНЕ БҰЙЫРМАҒАН АҚШАСЫ
Спорт Қазақстанда былыққа батқан салалардың басында көш бастап тұрған шығар:) Тістегеннің аузында кетіп жатқан қазақтың салығы. Сіз бен біздің ақшамыз.
Мемлекет тарапынан қаржыландырылатын жекеменшік клубтарды мен әлі күнге дейін түсінбеймін және олардың қазаққа не беріп жатқанын да білмеймін. Егер "Барыс" мемлекет қолдауынсыз, жеке өз ақшасына күн көріп жатса 1 млн $ емес, тіпті 100 млн $ айлық берсе де жарасады. Кірісінен шығысы көп осындай клубты ұстап тұру кімге керек? Әлемде абыройы қалмаған Ресейлік КХЛ үшін осында ақша жұмсаудың маңызы не? Бізге не береді? Көкейде сан сұрақ, бірақ жауап беретін ешкім жоқ...
Өзім білетін Түркияда әкімдіктер тек балалар спортына көңіл бөледі. Одан нәтиже көрсетіп, белгілі бір дәрежеде жетістікке жеткен спортшыларды сол аймақтың немесе елге беделді спорттық клубтары қағып кетуге тырысады. Мысалы бокстан Олимпиада чемпионы Бушеназ Сурменели Трабзонспор клубының мүшесі және оның бар шығынын сол клуб көтереді. Клубтар тек футбол, басткебол емес осындай жеке спортшыларды да қаржыландырумен айналысады...
<h4 id="jsc_c_jf" class="gmql0nx0 l94mrbxd p1ri9a11 lzcic4wl aahdfvyu hzawbc8m"><span class="nc684nl6"><span>Айдос Рымқұл</span> фейсбук парақшасынан</span></h4>