«Тұран» ФК бюджетін оңтайландырады

«Тұран» ФК бюджетін оңтайландырады

«Тұран» футбол клубы бюджетті оңтайландырады. Басшылық клубтағы экономикалық жағдайға байланысты бюджетті оңтайландыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет бюджетінен қаржыландыруға қойылған лимитке байланысты бүгінгі таңда «Тұран» футбол клубының 2021 жылғы өтпелі кредиторлық берешегі бар. Бұған қоса, елдегі экономикалық жағдайға байланысты демеуші қолдау көрсете алмайтынын мәлімдеді.

«Осы себепті клуб басшылығы бюджетті оңтайландыру туралы шешім қабылдап, ойыншыларға жалақы мөлшерін азайтуды ұсынды. Клубпен келісімшарты бар жаттықтырушылар және ойыншылармен жұмыс жағдайды жеке шешіледі. Бұл шаралар бюджетті оңтайландырумен және жас футболшыларға ойын уақытын көбірек беру шешімімен байланысты. Клуб Академия мен жастар командасының жұмысын қолдауға бағыт алады. 

Қазіргі таңда экономикалық жағдай өз талаптарын қойып отыр. Сондықтан жанкүйерлерімізге қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, клубтың шешіміне қолдау көрсетуге шақырамыз», - делінген хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0