«Қайрат» үш ойыншымен келісімшарт жасасты

«Қайрат» үш ойыншымен келісімшарт жасасты
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футбол клубы «Қайрат-Мәскеу» ойыншылары Александр Широбоков, Лев Кургин және Байжан Маделханмен келісімшарт жасасқанын жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншылармен еңбек келісімі 2024 жылдың соңына дейін жасалды.

Широбоков, Кургин және Маделхан «Қайрат» ФК түлектері. 2021 жылдың жазында олар «Қайрат-Мәскеу» футбол клубына ауысқан. Мәскеуліктердің сапында Александр 10 матч, Лев - 29 (бір гол және бір нәтижелі пас), Байжан 34 ойын өткізіп, 5 гол және 3 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер