Илья Ильинді үлгі тұтамын – Ерасыл Сәулебеков

Илья Ильинді үлгі тұтамын – Ерасыл Сәулебеков

Осы күндері Мексиканың<span> </span>Леон қаласында<span> </span>ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлемнің 39 елінен келген 200-ден аса спортшы бақ сынап жатқан бәсекеде зілтеміршілеріміз топ жарды. Әзірге Қазақстан қоржынында 9 алтын, 2 күміс, 6 қола медаль бар. Осы орайда құрама қоржынындағы алғашқы алтынды олжалаған<span> </span>Ерасыл Сәулебековпен сұхбаттасқан едік.

– Ерасыл, күні кеше ға­на әлем чемпионатыңда жеңіс­ке жеттің. Әлем чем­пио­ны атанғандағы әсерің қандай бол­ды?

– Жеңіске жетіп, чемпион атан­ған сәттегі сезімді сөзбен жеткізу қиын. Төбем көкке жеткендей бол­ды. Әлемнің мықтылары жиналған ірі жарыс болған соң алдымызға үл­кен мақсат қойып бардық. Міне, соған жетіп отырмыз. Әлі Мекси­ка­дамыз. Отандастарымыз құттықтап жатыр, баршаңызға рақмет.

<picture class="size-full wp-image-201797 aligncenter" title="Илья Ильинді үлгі тұтамын – Ерасыл Сәулебеков 5"><source type="image/webp" srcset="https://aikyn.kz/wp-content/uploads/2022/06/erasyl-seulebekov.jpg.webp 1200w, https://aikyn.kz/wp-content/uploads/2022/06/erasyl-seulebekov-768x493.jpg.webp 768w" data-lazy-srcset="https://aikyn.kz/wp-content/uploads/2022/06/erasyl-seulebekov.jpg.webp 1200w, https://aikyn.kz/wp-content/uploads/2022/06/erasyl-seulebekov-768x493.jpg.webp 768w" data-lazy-sizes="(max-width: 1200px) 100vw, 1200px" />Ерасыл Сәулебеков</picture>

– Қоссайыста 281 келіні ба­ғын­­дырдың. Бұл оңай емес еке­ні белгілі. Айрықша күш-жі­гер­ді қажет ететін до­даға қа­лай дайындалдың?

– Дайындық қиын болды. Көп жарақат алып, бел, аяқ ауыр­са да, шыдадық. Жаттығуды тоқ­татпадық. Ең бастысы, жақсы нә­ти­жеге жеттік.

– Жаттығу залында қанша уақытыңды өткізесің? Жаттыққан сәтте жеңіл салмақты бірінші көтересің бе әлде ауыр салмақтан бастаған ыңғайлы ма?

– Жаттығу залында ең аз дегенде 1 сағат уа­қы­тымды жұмсаймын. Негізі, көбіне 3 сағат жаттығамыз. Қыз­дырынып алып, аз салмақтан бастаймыз ғой.

– Жұлқа көтеруде 123 келіні, ал серпе көтеруде 158 келіні бағындырдың. Қайсысы қиын болды?

– Шынымды айтсам, екеуі де оңай емес. Алайда отандастарымның қолдауынан кейін қатты қиындықты сезін­бедім.

<picture class="size-full wp-image-201798 aligncenter" title="Илья Ильинді үлгі тұтамын – Ерасыл Сәулебеков 6"><source type="image/webp" srcset="https://aikyn.kz/wp-content/uploads/2022/06/auyr-atletika-erasyl.jpg.webp 1200w, https://aikyn.kz/wp-content/uploads/2022/06/auyr-atletika-erasyl-768x404.jpg.webp 768w" data-lazy-srcset="https://aikyn.kz/wp-content/uploads/2022/06/auyr-atletika-erasyl.jpg.webp 1200w, https://aikyn.kz/wp-content/uploads/2022/06/auyr-atletika-erasyl-768x404.jpg.webp 768w" data-lazy-sizes="(max-width: 1200px) 100vw, 1200px" />ауыр атлетика Ерасыл</picture>

– Сенің салмағыңда (67 келі) 9 спортшы әлем чем­пионы атағына таласты. Алайда саған тең келер ешкім болмады. Жеңіске жетуіңе жаттықтырушыңның да үлесі мол. Бапкерің туралы біле отырсақ.

– Бапкерім – Айдар Ералиев. Бала кезімнен, 9 жыл бойы жаттықтырып келеді. Көптеген сынақта қасымнан та­­былды. Мұнымен қоса Жәнібек, Дима, Айбек ағай­ларымның көп көмегі тиді. Негізі, ауыр атлетикаға алғаш 6 жасымда Ақылбек деген ағам алып келген. Сол сәттен бастап осы спортты таңдадым. Үміті ақталған сәтте ағама да алғысымды білдірсем деймін.

– Қазір жасың нешеде?

– 2006 жылы өмірге келгенмін. Жасым 15-те. Әлі жаспын (күліп).

– Боксшылар жекпе-жек алдында салмақ қуып, көп тағамдардан тыйылуға мәжбүр бо­ла­ды. Ал сен қандай тағамдардан бас тарта­сың?

– Иә, спортшы болғасын, та­мақ­тану тәртібіне мән бере­тін­дер бар. Бірақ бізде мұндай қ­а­ғида жоқ. Әр тамақ бізге күш береді. Сондықтан еш­қандай шектеу қой­май­мыз, тамақ талға­май­­мыз.

– Спортпен айналысып жү­ріп сабағыңнан қол үзіп қала­тын кездер бола ма?

– Жоқ, сабағыма кедергі кел­тір­мейді, бәрін қатар алып жүруге ты­ры­­са­мын. Енді кейде үлгермей қала­тын кез­дерім болады. Өзім математика, Қа­зақ­стан тарихы пәндерін сүйіп оқимын.

<picture class="size-full wp-image-201799 aligncenter" title="Илья Ильинді үлгі тұтамын – Ерасыл Сәулебеков 7"><source type="image/webp" srcset="https://aikyn.kz/wp-content/uploads/2022/06/elem-chempiony.jpg.webp 1200w, https://aikyn.kz/wp-content/uploads/2022/06/elem-chempiony-768x431.jpg.webp 768w, https://aikyn.kz/wp-content/uploads/2022/06/elem-chempiony-180x100.jpg.webp 180w" data-lazy-srcset="https://aikyn.kz/wp-content/uploads/2022/06/elem-chempiony.jpg.webp 1200w, https://aikyn.kz/wp-content/uploads/2022/06/elem-chempiony-768x431.jpg.webp 768w, https://aikyn.kz/wp-content/uploads/2022/06/elem-chempiony-180x100.jpg.webp 180w" data-lazy-sizes="(max-width: 1200px) 100vw, 1200px" />Әлем чемпионы</picture>

– Спорттан бөлек, болашақта қандай да бір маман иесі болғың келетін шығар?

– Мүмкін. Бірақ ол жағын әлі ойланбадым. Қазіргі бар арманым – Олимпиада чемпионы болып, еліміздің абыройын асыру.

– Жетістігін жоғары бағалайтын спортшыларың бар ма? Жалпы, ауыр зат көтеріп, күш сынасатын спорт несі­мен қызықтырды?

– Жеңіске деген ұмтылыс, талас. Зілтемірді көтеру. Қар­сыласты жеңе білу, кейде жеңілу. Осының бәрі қызық болды. Осы саладағы спортшылардан Илья Ильиннің, Алек­сандр Зайчиковтің жетістігіне қызығамын. Оларды үлгі тұтамын.

– Хоббиің не?

– Атқа мінгенді жаным сүйеді. Атқа мініп алып, әсем та­би­ғатта серуендегенге не жетсін!

– Туған жерің, отбасың туралы да айтсаң. Сенің же­тіс­­тігіңе қуанып жатқан болар.

– Әрине. Қызылорда облысы Жосалы ауданында туып-өстім. Отбасыма келер болсақ, әкем мен анам және ағам бар.

– Әңгімеңе рақмет!

<h4>Түпнұсқасы: Айқын газеті</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или