Хоккей

Метальниковтің командасы жаңа маусымға дайындық жоспарын жариялады

Метальниковтің командасы жаңа маусымға дайындық жоспарын жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Владивостоктың «Адмирал» хоккей клубы телеграм-арнасында 2022/2023 жылғы ҚХЛ маусымы алдындағы дайындық жоспарын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шілденің 13-і мен 27-сі аралығында команда Минскіде оқу-жаттығу жиынын өткізсе, 28-і күні сол жерде «Витязьбен» жолдастық матч өткізеді. 2 тамызда Сочиге аттанып, 3-9 тамыз аралығында Sochi Hockey Open турниріне қатысады.

10-18 тамыз аралығында «Адмирал» Минскіде тағы оқу-жаттығу жиындарын өткізсе, 19-ы күні ЦСКА-мен сынақ матчын өткізеді, 20-31 тамыз аралығында Беларусь астанасында оқу-жаттығу жұмысын жалғастырады.

3-9 тамыз аралығында Сочиде маусым алдындағы Sochi Hockey Open халықаралық турнирі өтеді, оған СКА, «Авангард», «Адмирал», минское «Динамо», «Сочи» және Ресей құрамасы қатысады.

Айта кетейік, аталған клуб сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Леонид Метальников өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер