Қазақстандық жас теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді
Бүгін ITF 18 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, сондай-ақ Tennis Europe қауымдастығы 14 жасқа дейінгілер арасында үздіктерді анықтады.
Жасөспірімдер арасында Максим Батютенко 83-тен 78-орынға көтерілді. Ислам Орынбасар 198-інші, Даниил Фелькер 236-ыншы, Даниал Рахматуллаев 239-ыншы, Әмір Омарханов 424-сатыда келеді.
Қыздар арасында үздік жүздікке енген Аружан Сағындықова 82-орынға жайғасты. Сандуғаш Кенжебаева 119-ыншы, Дана Бәйдәулет 160-ыншы, Жанель Рүстемова 165-інші, Еркежан Арыстанбекова 209-ыншы, Айя Нұпбай 315-інші, Асылжан Арыстанбекова 417-інші, Іңкәр Дүйсебай 434-орында тұр.
Tennis Europe қауымдастығының 14 жасқа дейінгі ойыншылар рейтингісінде Заңғар Нұрланұлы төртінші, ал чемпиондық кестеде бесінші сатыда келеді. Сондай-ақ Дамир Жалғасбай (43-ракетка) мен Даниэль Тазабековтің (55-ракетка) рейтингісі де жоғары. Қыздар арасында Софья Исакова (110), Ева Корышева (223), Ариана Гогулина (313) және Сәтима Төрегенге (377) өз көрсеткіштерін жақсарту үшін аянбай тер төгуге тура келеді.