«Ақтөбе» жолдастық матчта «Қайратты» жеңді

«Ақтөбе» жолдастық матчта «Қайратты» жеңді

Алматыдағы оқу-жаттығу жиыны аясында «Ақтөбе» жолдастық кездесуде жергілікті «Қайратты» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында ақтөбелік команда 3:0 есебімен жеңіске жетті. Виталий Балашов, Әлібек Қасым және Сердер Сердеров гол соқты.

Айта кетерлігі, «Қайрат» тізгінін жақында қайта ұстаған бас бапкер Кирилл Кекер алғашқы кездесуін сәтсіз өткізді.  

Қос команданың келісіміш бойынша матч жабық форматта өтті.

«Ақтөбенің» оқу-жаттығу жиыны 14 маусымға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или