Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы Филиппинді жеңді

Волейболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Филиппиндік құрбыларымен кездесуде қазақстандық қыздар 3:0 (26:24, 25:19, 25:15) есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Нахонпатом қаласында (Таиланд) 18 жасқа дейінгі қыздар арасында 14-кезекті Азия чемпионаты өтіп жатыр. 8 маусымда Қазақстан құрамасы Үндістанмен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или