русский язык
Футзал

«Жанкүйерлерге тосынсый дайындадық». Қайрат Оразбеков келер маусымға арналған жоспарын айтты

«Жанкүйерлерге тосынсый дайындадық». Қайрат Оразбеков келер маусымға арналған жоспарын айтты

«Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков Prosports.kz тілшісі Владимир Жарковқа берген эксклюзивті сұхбатында клуб кезекті рет чемпион атанғаннан кейінгі эмоциясы жайлы айтып, алдағы маусымдағы негізгі міндетті атады.

– Қайрат Айтмолдаұлы, құттықтауымызды қабыл алыңыз! «Қайрат» АФК футзалдан 19-рет Қазақстан чемпионы атанды және осы жеңістердің бәріне тікелей қатысыңыз бар.

- Көп рақмет! Жалпы біз көптен бері медаль үшін емес, Қазақстан футзалын дамыту үшін күресіп келеміз, басты миссиямыз да осы.

– Кезекті Қазақстан чемпионаты есіңізде несімен қалады, ерекшелігі болды ма?

- Басты ерекшелік ретінде УЕФА Чемпиондар лигасына қатысу құқығына «Қайраттан» бөлек тағы үш клуб соңына дейін таласты: «Каспий», «Атырау» және «Аят».

- Маусымда қай қарсылас есіңізде ерекше қалды?

– Бұрынғы капитанымыз Димаш Сүлейменов бас бапкер ретінде қызмет атқарып жүрген «Каспий» клубын атар едім.

– Ал өз командаңыздан кімді ерекше атай аласыз?

- Эдсонның команда сапында өзін жақсы көрсеткені ұнады. Әрине, Біржан Оразовтың ең алдымен ұлттық құрамадағы жұмысы ұнады. Біздің қорғаушымыз Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанды – бұл тарихи жетістік!

- «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасына 19-рет қатысады. Өткен маусымда турнирдің Төрттік финалына өте алмай қалды, соған орай биыл жазда команданы күшейтесіздер ме?

- Иә, Чемпиондар лигасының өткен маусымында сәл сәтсіздікке ұшырадық. Жазғы трансферлік кезеңде сол қателердің жоюға тырысамыз. Жанкүйерлерге жақсы тосынсый дайындадық, оны жақын арада жариялаймыз!

- Оңтүстік Америка нарығынан жаңа ойыншы келе ме?

– Жоқ, қазір Ресей мен Испания нарығын қарастырып жатырмыз.

– Қазақстан чемпионатында «Қайратты» күшейте алатын ойыншылар бар ма?

- Иә, мұндай ойыншылар бар, бірақ біз өз шәкірттерімізге сенім артамыз.

- Дуглас командаға орала ма?

- Дугласпен келісімшарт мерзімі үш жылға ұзартылды, тамыз айында Құдай қаласа, бізбен бірге оқу-жаттығу жиынына қатысады.

– Каканың «Қайраттың» бас бапкері ретіндегі жұмысына қандай баға бересіз? Оның жұмысына толықтай көңіліңіз тола ма?

- Келісімшарт бойынша Кака «Қайратта» тағы бір жыл жұмыс істейді, оның міндеті – Чемпиондар лигасының финалына шығу.

Мен оған ризамын ба, жоқ па? Чемпиондар лигасының кубогын алғанға дейін «Қайратта» жұмыс істейтін кез келген бапкерге көңілім толмайтынын айта аламын. Кака бұл сынаққа дайын екенін айтты, сондықтан мен оған сенемін!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;