Адиев: Словакия құрамасында әлемдік деңгейдегі жұлдыздар ойнайды

Адиев: Словакия құрамасында әлемдік деңгейдегі жұлдыздар ойнайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Словакиямен болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысып, тілшілердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

- Словакия командасы жайлы не айта аласыз? Команданың Беларусьпен болған ойынын бақыладыңыз ба?

- Словакия бұл ойында позициялық шабуылдары көп ұйымдастырды. Ал Беларусь құрамасы жақсы қорғана білді. Команда шабуылда белсенді түрде әрекет етіп, қарсыласына қысым көрсетті. Сондықтан бұл матчта заңды нәтиже тіркелді деп ойлаймын. Словакия біздің топтың фавориті саналады. Құрамында Лоботка, Шкриньяр секілді әлемдік деңгейдегі ойыншылар бар, сондай-ақ жеке шеберлігімен көзге түсетін футболшылар жеткілікті. Куцка мен Вайссты және ірі денелі шабуылшы Алмашиді де ерекшелеп айтуға болады. Қапталдағы қорғаушылары да мықты, шабуылға жақсы қосылады. Сондықтан бізге ертең ұйымдасқан түрде ойнау қажет.

- Жол жүруге жеті сағат кетті. Жігіттер қалпына келіп үлгерді ме?

- Дұрыс айтасыз. Өткен матч пен алыс сапарды ескерсек, бұл ойыншыларға әсер етпей қоймайды. Жігіттердің қалпына келген-келмегенін ертеңгі ойында байқайтын боламыз. Біз ертең негізгі құрамды қайта жасақтаймыз. Тығыз график болғандықтан, құрамда біршама өзгерістер болады.

- Ертеңгі ойында капитан қызметін кім атқарады? Команданың вице-капитаны Исламбек Қуат бұл матчқа дайын ба?

- Исламбек командадағы негізгі ойыншылардың бірі, бойында көшбасшылық қабілеттері бар. Асхатты алмастыратын футболшылар жеткілікті, бірақ ертеңгі матчта капитан қызметін Қуат атқарады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер