«Астананың» бұрынғы ойыншысы ресейлік клубқа ауысты

«Астананың» бұрынғы ойыншысы ресейлік клубқа ауысты

«Астананың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Валерий Чуперка ресейлік «Рубинге» ауысты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Футболшы қазандық клубпен екі жылға жарамды келісімшартқа қол қойды.

«Қазанға қош келдің, Валерий!» — деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 29 жастағы жартылай қорғаушы бұған дейін Ресей премьер-лигасында «Ростов» және «Тамбов» командаларында өнер көрсеткен. Валерий Чуперка қазақстандық «Астана» сапында да доп тепті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или