«Бұл деңгейде оңай қарсылас жоқ». Словакия құрамасының қорғаушысы Ұлттар лигасындағы Қазақстанға қарсы өтетін матчтарға қатысты пікір білдірді

«Бұл деңгейде оңай қарсылас жоқ». Словакия құрамасының қорғаушысы Ұлттар лигасындағы Қазақстанға қарсы өтетін матчтарға қатысты пікір білдірді

Словакия құрамасының қорғаушысы Юрай Хватал Словакия футбол одағының баспасөз қызметіне берген сұхбатында УЕФА Ұлттар Лигасының маусым айындағы Қазақстан, Беларусь және Әзірбайжанға қарсы матчтарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Қарсылас Беларусь, Қазақстан және Әзербайжан құрамаларының деңгейі қандай?

– Бұл командалар туралы білетінім аз. Бапкерлер біз үшін міндетті түрде егжей-тегжейлі бейне талдау жасайды. Дегенмен, бұл деңгейде оңай қарсылас жоқ. Біз өзімізден бастауымыз керек, жақсы дайындалып, жеңістерге жетуіміз керек.

– Төрт матчтан кейін сіздерді қанша ұпай қанағаттандырады?

- Он екі болуы керек!

Қазақстандық футболшылар Словакия құрамасына қарсы 6 маусымда сырт алаңда, 13 маусымда өз алаңында ойнайды. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы турнирдің басында С лигасының 3 тобында Әзірбайжан (3 маусымда өз алаңында) және Беларусь (10 маусымда сырт алаңда) құрамаларымен кездеседі.

Фото futbalsfz.sk

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или