Нұр-Сұлтанда «Қазақстан барысы» турниріне іріктеу өтті
Елордада қазақ күресінен ересектер арасында жарыс өткізілді. Бұл республикалық «Қазақстан барысы» турниріне іріктеу боп есептеледі.
Биылғы бәсекеге бас-аяғы 100-ге жуық палуан қатысты. Алдымен олар 8 салмақ бойынша үздіктерді анықтады. Артынан түйе палуандар сынға түсті. Бұл жарысқа 25 спортшы араласты. Нәтижесінде Айбат Сейтен қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды.
Екінші орынға Олжас Шынкев жайғасса, Айтуар Айтулов үздік үштікті түйіндеді. Сәйкесінше, алдыңғы екеуі республикалық турнирге жолдама алды. Дәл осындай форматтағы жарыстар еліміздің басқа өңірлерінде өткізіліп жатыр.
Кейін топ жарғандары шілденің басында елодрадағы Барыс Аренаға жиналып, Қазақстан барысы атағына таласады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или