Хоккей

Қазақстан құрамасының ойыншысы ресейлік клубқа ауысты

Қазақстан құрамасының ойыншысы ресейлік клубқа ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Шабуылшы Евгений Рымарев тулалық АКМ командасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

33 жастағы Рымарев «Барыс» (Нұр-Сұлтан) сапында ҚХЛ-да 207 ойынға қатысып, 44 (17+27) ұпай жинаған.

Евгений Қазақстан құрамасында 44 кездесуге қатысып, 37 (18+19) ұпай жинаған. Қазақстан жастар құрамасы сапында да 11 ойын өткзіп, 12 (9+3) ұпай жинады.

Рымарев өткен маусымда «Югра» (Ханты-Мансийск) сапында өткізіп, қола медаль жеңіп алды. 67 ойында 59 (21+38) ұпай жинап, команданың үздік сұрмергені атанды.

Евгений «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) командасының түлегі. Ересектер арасында «Қазцинк-Торпедо-2», «Қазцинк-Торпедо», «Астана», «Сарыарқа» (Қарағанды), «Алтай-Торпедо» (Өскемен) командаларында өнер көрсетті.

Айта кетейік, қазақстандық ардагер жарақатына байланысты Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионатына қатыса алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер