Хоккей

Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Металлургпен» келісімшарт жасасты

Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Металлургпен» келісімшарт жасасты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық хоккейші Валерий Орехов магнитогорскілік «Металлург» командасымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб пен 22 жастағы қорғаушы арасындағы келісім 2023/2024 маусымының соңына дейін есептелген.

Орехов бүкіл карьерасын «Барыс» жүйесінде өткізді. Құрлықтық хоккей лигасының кейінгі тұрақты маусымындағы 41 ойында 6 (1+5) ұпай жинады. Плей-офф кезеңінде Орехов бес кездесуге қатысып, бір нәтижелі пас берді. ҚХЛ-да барлығы 211 ойын өткізіп, сегіз гол соғып, 24 нәтижелі пас берді.

Валерий Орехов – Қазақстан құрамасының ойыншысы. 2022 жылғы әлем чемпионатында шабуылшы жеті ойын өткізіп, 7 (3+4) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер