Воробьев «Арлан» хоккей клубына оралды

Шабуылшы Александр Воробьев «Арлан» хоккей клубына оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы көкшетаулық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
27 жастағы ойыншы мансабын «Сибирские снайперы» клубында бастаған. 2015-2016 жылғы маусымда ол «Номадға» ауысып, 54 матчта 46 (16+30) ұпай жинады. Осыдан кейін шабуылшы көкшетаулық «Арлан» жейдесін киді.
Бұлардан бөлек Александр «Алматы», «Ертіс» және «Бейбарыс» хоккей клубтарында өнер көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или