Жарақат алған Азат Нұрғалиев алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Жарақат алған Азат Нұрғалиев алаңға қашан оралатыны белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

«Тұран» футбол клубы Азат Нұрғалиевтің жарақатына байланысты шыққан ақпаратты жоққа шығарады.

- БАҚ беттерінде «Тұран» ФК футболшысының жарақаты жайлы ақпарат жариялап, Нұрғалиев маусым соңына дейін қатардан шықты деп жазды.

«Тұран» футбол клубы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді: Азат Нұрғалиев Мәскеуде тізесіне сәтті ота жасатты. Футболшының қайта қалпына келуіне 2 ай қажет.

«Тұран» футбол клубының баспасөз қызметі клубтың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сенуді өтінеді, - делінген мәлімдеме.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер