Қазақ күресі

«Түркістан барысы» анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Кентау қаласында Түркістан облысы бойынша «Қазақстан барысы» республикалық жарысына іріктеу турнирі өтті. Жарысты Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов пен Түркістан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев тамашалап, балуандарға сәттілік тіледі.

Түркістан облысы бойынша ең талантты деген 21 балуан қатысқан облыстық іріктеу турниріне намысты өрендер жоғары деңгейде дайындалып келген екен. «Түркістан барысы» атануға барын салды. Түркістан қаласының дарынды спортшысы Бибарыс Әбдіғани сайыста барлық қарсыластарын тізе бүктіріп, бас жүлдеге ие болды. Боз кілемде күміс жүлдегер атанған шардаралық Қайсар Шамшидинов та өзінің мықтылығын көрсетті. Бұл екі жігіт «Қазақстан барысы» республикалық додасына жолдама алды. Қола жүлде сайрамдық Құрал Мадиярға бұйырды.

Жеңімпаз балуанға Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 300 мың теңге қаржылай сыйлық берілді. Ал күміс және қола алған жерлестерімізге 200 және 100 мың теңге ақшалай жүлде тапсырылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер