Бокс

Валентина Хальзова әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Валентина Хальзова әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова 2022 жылы Ыстамбұлда (Түркия) өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

70 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда оңтүстіккореялық Суджин Сеонды жеңді. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен аяқталды.

Осылайша Валентина Хальзова Қазақстан құрамасының сапында осы турнирдің алғашқы ширек финалшысы атанды.

Жартылай финалға шығу үшін қазақстандық австралиялық Кей Фрэнсис Скоттпен жұдырықтасады.

Сондай-ақ бүгін 1/8 финалда Гүлсая Ержан (81 келі) мен Ләззат Күнгейбаева жекпе-жек өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0