«Қызылжар барысы» турнирінде әкім бақ сынады

«Қызылжар барысы» турнирінде әкім бақ сынады

Петропавлда қазақ күресінен «Қызылжар барысы-2022» облыстық турнирі өтті. Отыз балуанның ішінен бұл жолы да Мұхит Тұрсынов топ жарды.

Петропавлда биыл оныншы жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған «Қызылжар барысы» облыстық турниріне өңірдің кіл мықты балуандары жиналды. Араларында қазақ күресінен әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы, «Қазақстан барысы-2014» республикалық турнирінің алтын белбеу иегері Мұхит Тұрсынов секілді көпке танымал спортшылар да бар. Ал Айдар Қалижанов Тимирязев ауданынан келген палуан. 56 жастағы азамат осы аудандағы Целинное ауылдық округінде әкім болып жұмыс істейді.

«Тоғызыншы сыныптан бастап күресіп жүрмін. Жалпы спортқа жақынмын, футбол, баскетболмен айналысқанмын. Осыдан екі жыл бұрын қазақ күресінен өткен республикалық турнирде ардагерлер арасында чемпион болдым. Қазір осы жарыстан кейін самбодан турнир өтеді, соған дайындаламын», - дейді Айдар Қалижанов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл «Қызылжар барысы» турнирінің бағалау жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілген. Осыған дейін қолданылып келген бүк ұпайы ережеден алынып тасталды. Оның орнына екі рет тізеге отырған палуанға ескерту берілмек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или