Бокс

Британиялық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Британиялық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды
news-banner7
mobile-news-top

Британиялық боксшы кіші Крис Юбэнк (32-2, 23 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (42-1-1, 37 КО) жекпе-жекке шақырды, деп жазады Prosports.kz.

«GGG, «Канело» тағынан тайған секілді, енді сізге жаңа би серіктес керек. Мен танго биін билеуге дайынмын. Қанеки, жазда осыны жасайық», - деп жазды Юбэнк твиттер парақшасында.

Айта кетейік, кеше Сауль Альварес жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Дмитрий Биволдан жеңіліп қалды. Осылайша, Головкин мен «Канело» арасындағы қыркүйек айына жоспарланған үшінші жекпе-жек өтпей қалуы мүмкіндігі артты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер