Қазақстандық дзюдошылар Бразилиядағы сурдлимпиадада тағы 3 медаль жеңіп алды
Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан 24-ші жазғы сурдлимпиадалық ойындарда қазақстандық дзюдошылар тағы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, Әділбек Нұрмұхамед 60 келіге дейінгі салмақта финалда ғана қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар Шаяхмет Қанапиянов 73 келіге дейінгі салмақта қола медаль иегері атанды. Оған қоса Фериде КараОглы 48 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.
Осылайша, қазақстандық сурдодзюдошылар медаль санын 4-ке жеткізді.
Мұнда сурдодзюдодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Хайролла Лукмановтың сіңірген еңбегі мол.