Елордада Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

3-5 мамыр аралығында Нұр-Сұлтанда грек-рим күресінен Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыстар аты аңызға айналған балуан, Олимпиада чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпіровтің құрметіне арналған.
Турнирге Қазақстанның әр өңірінен 300-ден астам спортшы келеді, сонымен қатар ТМД елдерінен (Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран) балуандар қатысады деп жоспарланып отыр.
Спортшылар -55, -60, -63, -67, -72, -77, -82, -87, -97 және 130 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Турнир Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или