Грек-рим күресі

Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық жарыс өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Бес елдің мықтылары елордада бас қосады. Бірер күннен кейін даңқты палуан әрі олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров атындағы халықаралық турнир өтеді.

Оған қазірдің өзінде Тәжістан, Қырғызстан, Өзбекстан және Иран құрамалары қызығушылық танытып отыр. Грек-рим күресінен жастар арасындағы жарысқа бас-аяғы 250 спортшы қатысады.

Байрақты бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болады және жас палуандар үшін шеберлік шыңдауға әрі тәжірибе жинапуға жақсы мүмкіндік дейді ұйымдастырушылар.

Ал ұлттық құрманың басы-қасындағылар талантты өрендерді іріктеп, кейін әлемдік алмандарға шығаруды көздеп отыр.

Айта кету керек, Үшкемпіров атындағы турнир 1984 жылдан бері тұрақты ұйымдастырлып келеді. Бірер жыл бұрын халықаралық деңгейге көтеріліп, ресми түрде халықаралық жарыстар күнтізбесіне енді.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер