Грек-рим күресі

Азия чемпионатында жүлде алған шымкенттік балуандар марапатталды

Азия чемпионатында жүлде алған шымкенттік балуандар марапатталды
news-banner7
mobile-news-top

Шымкентте грек-рим күресінен 2022 жылғы Азия чемпионатының жеңімпаздары Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) пен Әлімхан Сыздықовты (130 келіге дейін) марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Shymkent.wrestling Инстаграм парақшасының хабарлауынша, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен күрес федерациясы спортшылардың әрқайсысына 1 миллион теңгенің сертификатын табыстады. Сонымен қатар, балуандардың жеке бапкерлері 300 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Ұлан-Батырда өткен құрлық біріншілігінде қазақстандық грек-рим күрес шеберлері тоғыз жүлде жеңіп алды: екі алтын, бес күміс және екі қола.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер