Нұрқожа Қайпанов - Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Нұрқожа Қайпанов - Азия чемпионатының күміс жүлдегері

<span>Ұлан-Батырдағы еркін күрестен Азия чемпионатында қазақстандық Нұрқожа Қайпанов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. </span>

<span>Ол осыған дейін екі мәрте Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанған еді. Бұл жолы 74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа ирандық Йонес Алиакбар Эмамичогаеймен белдесті. </span>

<span>Қарсыластар бұдан бұрын өзара бір рет күресіп, онда Қайпанов ұтқан еді. Бүгін жеңіс ирандық балуанның еншісінде кетті - 2:5. Н. Қайпанов күміс медальді қанағат тұтты.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или