Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Үндістанмен ойнайды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Үндістанмен ойнайды

Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу турнирінің топтық бәсекелері аяқталды.

<span>Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бүгін қазақстандық қыздар D тобында Өзбекстан құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктірді. </span>

<span>Осылайша өз тобындағы қарсыластарының бәрін жеңген Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалға бірінші орынмен жолдама алды. </span>

<span>Қазақстандықтар ертең жартылай финалға шығу үшін Үндістан құрамасымен таласады. Корт иелерімен өтетін матчтың оңайға соқпайтыны анық.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или