Грек-рим күресі

Қазақстандық балуан грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық балуан Мейіржан Шермаханбет күрестен Азия чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шермаханбет 67 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Ол ширек финалда Үндістан, ал жартылай финалда Өзбекстан балуанынан басым түсті.

Финалда Мейіржан оңтүстіккореялық тәжірибелі Рю Хансумен кездесіп, оны мерзімінен бұрын жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ернур Фидахметов қола медаль иеленген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер