Грек-рим күресі

Әлімхан Сыздықов Азия чемпионы атанды

Әлімхан Сыздықов Азия чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

130 келі салмақтағы Әлімхан Сыздықов финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Минсокты сенімді жеңді.

Бұған дейін ол ширек финалда Роман Кимді, жартылай финалда жапондық Арато Сонаданы жеңген болатын.

Осылайша Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының бірінші күнін бір алтын, үш күміс және бір қола медальмен аяқтады.

Еске салайық, Азия чемпионатында Аманғали Бекболатов (55 келі), Мейрамбек Айнағұлов (63 келі), Мақсат Ережепов күміс, Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) қола жүлдегер атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер