«Менің стилім басқа!». Әлімханұлы Головкинмен салыстырғандарға жауап берді
Кейінгі уақытта бокс жанкүйерлері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын аңызға айналған отандасы Геннадий Головкинмен жиі салыстырып жүр. Осыған байланысты Әлімханұлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Боксшыға мұндай салыстырулар ұнамайтын секілді.
«Бәрі мені Қазақстаннан шыққан жаңа Головкин дейді. Мен жаңа Головкин емес екенімді айтқым келеді. Мен - Жәнібекпін. Мен - қазақ стилімін! Менің стилім басқаша. Менің тарихым басқаша!», - деп жазды ол Твиттерде.
Еске салайық, 21 мамырда Лас-Вегаста Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или