Лондонда нокаутпен жеңіске жеткен қазақстандық боксшы батыл мәлімдеме жасады
Қазақстандық жеңіл салмақтағы боксшы Сұлтан Зәуірбек (13-0, 9 КО) Лондонда сәуірдің 15-інен 16-сына қараған түні аргентиналық Николас Ботеллиді (11-7, 6 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін өзінің болашағы туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Prosports.kz.
Зәуірбек қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, Ботелли жекпе-жекке шақыртуды қысқа мерзімде қабылдады. Зәуірбек бастапқыда мальталық Хайтем Лаамузбен жұдырықтасып, <span>WBO European титулын қорғауы керек еді. </span>
«Жауапты жұмыс атқарылды. Жеңіс біздікі. Енді өз салмағымды бағындырғым келеді. Алға, Қазақстан», — деп жазды Зәуірбек Instagram желісінде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или