Қазақстан - Молдова матчының тікелей трансляциясы

Қазақстан - Молдова матчының тікелей трансляциясы

Бүгін Кишиневте Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Молдовамен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Былтыр қарашада Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі соңғы ресми ойынын өткізіп, Франциядан 0:8 есебімен жеңілген болатын. Молдова құрамасы да Австриямен өткен ойында 1:4 есебімен жеңіліске ұшырады.

Қазақстан құрамасының Молдоваға қарсы қарымта ойыны 29 наурызда Нұр-Сұлтанда өтеді.

Молдова – Қазақстан матчының тікелей трансляциясы елорда уақытымен сағат 23:00-де басталады, ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или